Батыс Қазақстанда су тасқынына арналған жедел желі іске қосылды

141

Өңірде күн күрт жылынып, қар ери бастады. 

Батыс Қазақстанда су тасқынына арналған жедел желі іске қосылды Фото: gov.kz

Орал қаласымен қатар ауыл-аймақта да тасқынның алдын алу шаралары күшейтілді, деп жазады inbusiness.kz cайты.

Бүгінге дейін аймақта 872 мың текше метр қар шығарылып, қауіпті учаскелерден 19 мың текше метр қарғын су сорылған.

Арықтар да қар мен мұздан аршылып жатыр. Қалалық жедел желіге "ауламызға су кірді" деген тұрғындардан 81 шақырту түскен.

Сәйкесінше, қала алты аумаққа бөлініп, әр көше төтенше жағдайлар басқармасы мен жергілікті атқарушы орган мамандарының бақылауына алынды. Су басу қаупі бар елдімекендерде кезекшілік қойылды.

Тұрғындар шағымдар болса, call-орталықтың 50-02-55 нөміріне хабарласуына болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу