Бұл туралы "Қазгидромет" РМҚ бас директорының орынбасары Серік Саиров Үкімет кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Алдағы уақытта Қостанай облысының орталық, батыс бөлігінде тасқын басталады деп күтіп отырмыз. Батыс Қазақстан облысында (тасқынның) екінші кезеңі басталады. Оның көзі – Ресей аумағынан келетін судың көлемі. Себебі Ирикла су қоймасынан келетін судың мөлшері көбейіп, оларда суды күрт түсіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек Жайыққа Башқұрстаннан Сақмар өзені келіп қосылады. Ол жақтан Қазақстаннан кірген Ілек өзені барады. Бәрі қосылып, Оралға жақын кезеңде үлкен су келеді деп күтіліп отыр", - деді "Қазгидромет" РМҚ бас директорының орынбасары Серік Саиров.
Спикер жақын кезең деп осы аптаның соңына дейінгі мерзімді айтқанын түсіндірді.
"Қазірдің өзінде Жайық өзені көтеріліп отыр. Біз болжам ғана береміз. Біздің құрылымдық бөлімшелердің баяндамасы бойынша дайындық қарқынды жүріп жатыр. Ресейдің мамандарымен күнделікті байланыстамыз", - деді ол.
Айта кету керек, осыған дейін тасқын салдарынан 50 елді мекен көлік қатынасынсыз қалғанын жазған болатынбыз.