БҚО-да су тасу қаупі бар

836

БҚО-да су тасу қаупі бар

Батыс Қазақстандағы елдімекендерге су басу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды КТК.

Жуырда түскен қалың қар былай тұрсын, алдағы демалыс күндері өңірде ауа райы күрт жылып, жауын-шашын болады деп күтілуде. Осыған байланысты Шаған, Деркөл және Жайық өзендері арнасынан асып кетеді деген қауіп бар. Ал тасқын бола қалса, он мыңға жуық тұрғын зардап шегейін деп тұр.

Қазір жергілікі билік өкілдері мен құтқарушылар апаттың алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Олар өзен мұзын ойып, жұртқа қауіпсіздік шараларын барынша түсіндіріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу