БҚО-да судьяның көлігі өртеніп кетті

515

Полицейлер көлікке белгісіз біреу өрт қойып кеткенін, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

БҚО-да судьяның көлігі өртеніп кетті Фото: google.com

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауылында белгісіз біреулер аудан судьясы Ілияс Іргебаевтың көлігін өртеп кетті. Көлік өрт сөндірушілер келгенше сөндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

31 мамырда түнде Жаңақа ауылындағы Тәуелсіздік көшесі, 14-үйдің жанында Toyota Camry көлігі өртеніп кеткен.

"Артқы капот, артқы бампер және артқы сигнал шамдары жанып кетті. Автокөлік газ жабдықтарымен жабдықталмаған, өрт сөндіргіш пайдаланылмаған. Өрт өрт сөндірушілер келгенше ауыздықталды", деп мәлімдеді БҚО ТЖД "Уральская неделя" басылымына.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, полицейлер көліктің жанынан бензин құйылған пластик бөтелке мен қамыс тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу