БҚО-да сумен жабдықтау жүйесінің 6 нысаны мемлекетке қайтарылды

402

Тексерісті Теректі аудандық прокуратурасы жүргізген.

БҚО-да сумен жабдықтау жүйесінің 6 нысаны мемлекетке қайтарылды Фото: primeminister.kz

Нысандардың жалпы құны 4,3 млрд теңгені құрайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қабылданған шаралар ауданның 4 елді-мекеніндегі 283 абонент үшін ауызсу тарифін 4,5 есеге арзандатуға мүмкіндік береді.

"Тексеру барысында 2015–2025 жылдар аралығында ауданның 25 елді- мекенінде салынған су мұнаралары мен сумен жабдықтау желілері уақтылы ресімделмегені және коммуналдық меншікке алынбағаны анықталды", – делінген хабарламада.

Нысандар коммуналдық меншікке өтпегендіктен мемлекеттік субсидиялар бөлінбей, 886 абонент үшін ауызсу тарифі 666,7 теңгеден 150,8 теңгеге дейін төмендетілмеген.

Қазіргі уақытта сумен жабдықтау жүйесінің қалған 19 нысаны мемлекеттік тіркеуден өткізу сатысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу