БҚО-да сүңгілерден сақ болуды ескертуде

861

Қыста және көктемде ғимараттардың төбесінде көп мөлшерде қар жиналады, сонымен қатар, айтарлықтай мөлшерге жететін мұздақтар пайда болады. Шатырларға ілініп тұрған мұздақтар адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді.  

БҚО-да сүңгілерден сақ болуды ескертуде

Батыс Қазақстан облысында 2018 жылы сүңгілердің құлауы бір адамның өліміне әкеліп соқты. Биыл да жыл басынан бері шатырдан қардың құлауының 1 фактісі тіркелді, көп қабатты үйдің төбесінен жас баланың басына көп мөлшерде қар түсті, сондай-ақ, тұраққа қойылған автомобильдің төбесіне қардың құлау жағдайлары да орын алып жатады.

"Мұз сүңгілерінің құлауы салдарынан жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін мұқият болу керек, ғимараттардың қабырғаларына, балкондардың астына жақын тұрмауға тырысу керек. Қар түсуі мүмкін ғимараттардың шатырларына жақындамауға және балалардың осындай жерлерде болуына жол бермеуге тырысыңыз" деп ескертеді тұрғындарды БҚО ТЖД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу