БҚО-да тері өңдейтін кәсіпорын ашылады

1529

БҚО-да тері өңдейтін кәсіпорын ашылады

Батыс Қазақстан облысында құны 2,2 млрд  теңге тұратын тері өңдейтін кәсіпорын іске қосылмақшы.

Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің сөзіне қарағанда, зауыт жылына 182 мың дана ірі қара және 624 мың дана ұсақ малдың терісін өңдейді. Бұған дейін өңірде мал терісін өңдеу ісі қолға алынбаған болатын.

Өңір басшысының айтуынша, облыста ауыл шаруашылығы саласында заманауи технологияға негізделген, әлемдік талаптарға сай келетін осындай қайта өңдеу кәсіпорындарын көбейту көзделуде. Айталық, өңірге жыл сайын 10 мың тонна құс еті импортталады. Осы мәселені шешу бағытында "Жайық құс" ЖШС құс фабрикасын салып, алдағы жылы пайдалануға бермекші. Сонымен қатар әлемге әйгілі франциялық "Лакталис" компаниясының құрылтайшылығымен жылына 40 мың тонна жоғары сапалы түрлі сүт өнімдерін шығаратын зауыт салу ойластырылуда. Бұл өндіріс орнының құрылысы алдағы жылы басталып, 2018 жылы аяқталады.

ҚазАқпарат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу