Батыс Қазақстан облысында шұғыл қонған тікұшақ экипажының арасында зардап шеккендер бар. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Айта кетсек, бүгін БҚО-да "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болғанын жазған едік.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Чапурино елді мекенінен 6 км қашықтықта болған. Сағат 15:50-де "ҚазТрансОйл" АҚ тапсырысы бойынша құбырды әуеден шолу үшін ұшып шыққан "Қазавиақұтқару"АҚ-ның Ми-8 тікұшағы жерге қатты екпінмен қонған.
"Бортта 5 экипаж мүшесі және 2 жолаушы болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жарақат алғандар бар. Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері жіберілді.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаменті тергеу жүргізетін болады", делінген комитет хабарламасында.