Екеуі де – БҚО тұрғындары, олар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, дейді Болатбек Қаюпов.
Қазіргі кезде ауырған адамдармен байланыста болғандар анықталу үстінде. Күні бүгін карантиндік және провизорлық стационарда барлығы 65 адам жатыр, бәрінің жағдайы қанағаттанарлық.
БҚО-ның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың сөзіне қарағанда, Ресейден келген әйел 24 наурыз күні шекарадан өткен. Содан кейін үйінде оқшауланған. Төрт-бес күннен соң аурудың алғашқы белгілері байқалғаннан кейін провизорлық госпитальға жатқызылды.
Қазіргі таңда коронавирус індетін жұқтырған екі науқастың да жағдайы жақсы. Аурудың осы екі ошағы бойынша карантиндік жұмыстар жүргізілуде.