БҚО-да тоққа түскен баланың отбасына 30 млн теңге өтемақы беріледі

860

Батыс Қазақстан облысында трансформатордағы токқа түсіп, екі қолынан айырылған баланың отбасына 30 млн теңге өтемақы төленеді.  

БҚО-да тоққа түскен баланың отбасына 30 млн теңге өтемақы беріледі Фото: uralskweek.kz

Сот Жаңақала аудандық электр станциясының бұрынғы басшысы Бауыржан Бигалиевті кінәлі деп танып, 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады, деп жазады inbusiness.kz qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Оған өз қызметіне салғырт қараған деген айып тағылды.

Айта кетейік, былтыр мамырда Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында бес жасар Аманжол Орынбекұлы тозығы жеткен қоршаудың саңылауынан өтіп, трансформатордың құлыпсыз есігін ашып, токқа түскен. Дәрігерлер оның күйіп кеткен екі қолын иығынан кесуге мәжбүр болды. Балаға әлі ұзақ ем-шара, оңалу керек. Алайда, Бауыржан Бигалиев кінәсін мойындамады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

"Балаға протезге 35 млн теңге талап еттік, екі протездің ақшасын. 30 млн теңге төлейтін болды мекеме. Біраз жүрдік, 8 айдай жүрдік. Чапайға бардық, телефон арқылы сотқа онлайн қатыстық. Жеті жасында бір жасалады, 12, 16-да жасалады, үш-төрт протез жасалады", - деді зардап шеккен баланың анасы Әсел Айтжанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу