Тұрғындардың шағымынан соң "Петрорефте" жоспардан тыс тексеру жүргізілді

522

Тексеру нәтижелері ҚР Экологиялық кодексінің 207-бабы талаптарының бұзылғандығын көрсетті.

Тұрғындардың шағымынан соң "Петрорефте" жоспардан тыс тексеру жүргізілді

Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті БҚО Теректі ауданы Пойма, Ақсуат ауылдары және Магистральный кенті тұрғындарының шағымдары негізінде "Петрореф" ЖШС қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды  inbusiness.kz Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру нәтижелері ҚР Экологиялық кодексінің 207-бабы талаптарының бұзылғандығын көрсетті.

Осылайша, төгу-құю эстакадасында, мұнай өнімдерін сақтау резервуарларында, сондай-ақ УПУС-30 блокты-модульді қондырғысында ластаушы заттардың шығарындыларын (жеңіл көмірсутек буларын) тазарту және залалсыздандыру жөніндегі қондырғылар мен жабдықтар жоқ.

Тексерумен сондай-ақ жеңіл көмірсутектер буларын ұстау және рекуперациялау қондырғысын енгізу бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелердің орындалмауы анықталды.

Қазіргі уақытта ҚР Энергетика министрлігінің 2022 жылғы 11 ақпанда берілген өндіріс паспортының жойылуына байланысты көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу және сақтау кешенінің шаруашылық қызметі тоқтатылды.

Кәсіпорынның 2022 жылғы 23 тамыздағы санитариялық-қорғаныш аймағының шекарасындағы атмосфералық ауаға жүргізілген зертханалық талдау анықталатын ластаушы заттардың нақты көрсеткіштері ШЖК-дан аспайтындығын куәландырады.

Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорын ӘҚБтК-нің 331-бабының 3-бөлігі "Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларын тазалауға және (немесе) бақылауға және сарқынды суларды ағызуға арналған құрылыстарды немесе жабдықтарды пайдаланбау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәсіпорынға бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді.

"Петрореф" ЖШС-не кешенде жеңіл көмірсутегі буларын ұстап қалу және рекуперациялау қондырғысын енгізу тапсырылды, оны орындамаған жағдайда Департамент тексеру нәтижелері бойынша берілген нұсқаманы орындағанға дейін шаруашылық қызметті тоқтата тұру туралы талап-арыз жібереді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу