БҚО-да Үндістан мен Пәкістанның азаматтары ұсталды

453

Екі шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылса, қалғанына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

БҚО-да Үндістан мен Пәкістанның азаматтары ұсталды Фото: БҚО ПД

Оралда қонақ үйді тексеру кезінде Үндістанның алты азаматы мен Пәкістан Республикасының үш азаматы анықталды, деп жазады inbusiness.kz mgorod.kz порталына сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, 14 қыркүйек күні қонақ үйді тексеру кезінде Үндістанның алты азаматы және Пәкістан Республикасының үш азаматы анықталды. Үндістанның екі азаматының елде болу мерзімі аяқталғаны белгілі болды, олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы "Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ал, 3 пәкістандық азаматты тексеру кезінде олардың Қазақстанға келуі туралы мәліметтер жоқ екені анықталды. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 392-бабы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу