БҚО-да үш күнде жол ережесін бұзған 271 автобус жүргізушісі анықталды

709

БҚО-да үш күнде жол ережесін бұзған 271 автобус жүргізушісі анықталды

Батыс Қазақстан облысында "Автобус" жедел алдын-алу шарасы барысында 13-15 маусым аралығында жол ережесін бұзған 271 қоғамдық автокөлік жүргізушісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 18-і жылдамдығын шектен тыс арттырғаны үшін, 71-і бұрылу тәртібін бұзғаны үшін тоқтатылды. Сондай-ақ 36 жүргізуші жолаушылар мен жүктерді тиісті құжатсыз тасымалдаса, 86-сы автокөлік айдап келе жатып, телефон немесе радиостанса құралын пайдаланған. 31-і техникалық байқаудан өтпеген көлікті айдаса, 14-і азаматтық-құқықтық сақтандыру полисінсіз жүрген. 10 жүргізуші ластайтын заттарды өндірістік нормативтен тыс тастайтын автокөлікті жүргізсе, үшеуі жаяу жүргіншіні өткізбеген. Автокөлікті заңсыз қайта жабдықтаған және жолаушы тізімі болмаған екі жүргізуші де назардан тыс қалмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу