БҚО-да заңсыз орнатылған "Ұстаз және оқушылар" ескерткіші алынып тасталды

275

Ескерткіш мектеп түлектерінің демеушілігімен орнатылған. 

БҚО-да заңсыз орнатылған "Ұстаз және оқушылар" ескерткіші алынып тасталды Фото: БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы орталығы Сайқын ауылында орнатылған "Ұстаз және оқушылар" ескерткіші алынып тасталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қуанышбек Мұханғалиевтің мәлім еткеніндей, аталмыш ескерткіш 2020 жылы Сайқын ауылында М.Мәметова атындағы мектеп түлектерінің демеушілігімен 1,4 млн теңгеге орнатылған.

Оның сөзіне қарағанда, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы тарапынан аудан әкімдіктеріне облыс аумағында ескерткіштерді заңсыз орнатудың алдын алу туралы бірнеше рет ескертпе хат жолданып, жиналыстарда ескертілген.

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының 2023 жылғы 28 сәуірдегі №23-32-28.193 тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі заңсыз орнатылған ескерткіштерге мониторинг жүргізу, түпкілікті шешім шығару (қалдыру, түзету не бұзу) мақсатында жұмыстар жүргізді.

Өткен жылдың 12-13 желтоқсан күндері облысқа республикалық комиссияның жұмыс тобы (С.Смағұлов, Б.Әлібай, Р.Әбенов) іссапармен арнайы келіп, Теректі және Бөкей ордасы аудандарына шығып, заңсыз орнатылған ескерткіштердің мәселесін, соның ішінде "Ұстаз және оқушылар" ескерткішін қарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу