Батыс Қазақстан облысында 6 миллиард теңгеге жуық ауыл шаруашылығы жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда, деп inbusiness.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа нысандар Бәйтерек ауданында іске қосылмақ. Мұнда агроөнеркәсіп кешені саласында құны 5,9 млрд теңгені құрайтын жеті жобаны жүзеге асырмақшы.
Атап айтқанда, жеміс-көкөніс қоймасы, көтерме сауда орталығы салынады деп жоспарланып отыр. Жоба құны – 2,5 млрд теңге, қуаттылығы – жылына 13 мың тонна. Сондай-ақ 25 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.
Сонымен қатар қуаттылығы жылына 2640 тонна көкөністерді терең өңдейтін кешен де пайда болуы мүмкін. Сату көлемі 688 миллион теңгеге бағаланып отыр. 20 адам жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ облыста жалпы құны 2,8 млрд теңгені құрайтын бес тұрақты суару жобасы жүзеге асырылмақ.