БҚО-да жаңа жолайырық пайдалануға берілді

304

Батыс Қазақстан облысында аймақтағы алғашқы "беде жапырағы" типтес екі деңгейлі көлік қозғалысына арналған жол ашылды.  

БҚО-да жаңа жолайырық пайдалануға берілді Фото: azh.kz

Нысан Подстёпное – Фёдоровка – Ресей Федерациясы шекарасы республикалық трассасында салынды және жолдағы уақытты едәуір қысқартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және БҚО-ны көршілес өңірлермен, Ресеймен көлік қатынасын күшейтуге арналған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа жолдың ашылу рәсіміне облыс әкімі Нариман Төреғалиев, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев және компания қызметкерлері, мердігер ұйым өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Жаңа жолайрықты іске қосу аймақтың жол инфрақұрылымын одан әрі дамытудың маңызды элементіне айналады және Батыс Қазақстанның негізгі бағыттарының бірінде көлік ағынын жақсартуға көмектеседі.

2025 жылы Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 260 шақырымы жөнделіп, толық аяқталды. Оның ішінде "Подстепное – Федоровка" автожолының 72 шақырымын қайта жаңарту, "Өнеге – Бисен – Сайқын" бағытының 103 шақырымын күрделі жөндеу, сондай-ақ Хан Ордасы ауылына кіреберіс жолының 21 шақырымы мен Ақтөбе – Орал автожолының 64 шақырымдық жолға орташа жөндеу жұмыстары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу