БҚО-да жекешелендірілетін нысандар кәсіпкерлерге таныстырылды

918

Осы арқылы жылына 300 миллион теңгені үнемдеу көзделген. 

БҚО-да жекешелендірілетін нысандар кәсіпкерлерге таныстырылды

Батыс Қазақстан облысында сатылатын немесе сенімгерлік басқаруға берілетін 4 нысан өңір кәсіпкерлеріне таныстырылды. Олар бұрынғы "Кумыска" шипажайы мен "Жастық" стадионы, Шалқар көлінің жағасындағы демалыс базасы мен Оралдағы ортопедиялық протез цехының бос тұрған ғимараты, деп хабарлайды 24.kz.

Аталған нысандар Мемлекет басшысының бюджет шығындарын оңтайландыру туралы тапсырмасына сәйкес бәсекеге қабілетті ортаға берілмек. Осы арқылы жылына 300 миллион теңгені үнемдеу көзделген. Бұл қаржы жол құрылысына, ауыл-кенттерді абаттандыруға және елді мекендерді көркейтуге жұмсалмақ. 

"Жұмысшылардың жалақысы бар, коммуналдық төлемдер бар, өзге де сатып алынатын мүліктері бар, бәрін қосқанда бір ғана "Кумыска" шипажайы бойынша 175 миллион теңге үнемдейді екенбіз. Ал жалпы үнем 300 миллионнан асады. Бұл нысандар аудан әкімдіктерінің бастамалары бойынша аукционға шығарылатын болады. Шығындарды оңтайландыру жұмыстары келешекте жүйелі жалғасын табатын болады",– дейді облыстық қаржы басқармасының басшысы Дулат Имашев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу