ІІМ төтенше жағдай комитетінің хабарлауынша, кеше жоғалған ағайынды балалардың екіншісінің денесі де өзеннен табылған.
"16:50-де Жайық өзенінен сүңгуірлер екінші баланың денесін алып шықты",– делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Батыс Қазақстанның Ақжайық ауданы Жанама ауылында кеше сағат 15.30 шамасында ағалы-інілі балалар жоғалып кеткен. Содан бері полиция да, еріктілер де оларды жаппай іздеуге көшкен.
Оның бес жастағысының денесі бүгін сағат 11.00-де ауыл маңындағы Қарасудан (Жайық өзеніне қосылады) табылған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу