БҚО-да жоғалған бойжеткеннің денесі табылды

1048

Оны басынан ұрып, өртеуге тырысқан болуы мүмкін.

БҚО-да жоғалған бойжеткеннің денесі табылды

Батыс Қазақстан облысында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған бойжеткен өлі күйде табылды. Полицейлер 27 жасар күдіктіні ұстады, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Анастасия Черная үйінен 13 қыркүйек күні рюкзагын асынып шығып кеткеннен ұшты-күйлі жоғалған. Анасы оның барлық телефоны бір мезгілде кілт өшіп қалып, байланыс болмай қалғанын айтады.

Полицейлер 21 жастағы қыздың денесін Ветелки ауылының маңындағы орман алқабынан тауыпты. Бұл жер Орал қаласынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан. 

"Құқық қорғау органдарының қызметкерлері 1994 жылы туған ер адамды анықтап, қолға түсірді. Ол адам өлтірді деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің мән-жайы жариялауға жатпайды", – деп хабарлайды БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті қылмысы дәлелденген жағдайда 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Марқұмның жасы бар-жоғы 21-де болатын. Оның анасы Светлана Лобанованың сөзінше, полиция қызын саусақ іздері арқылы таныған. Қылмыскер оны басынан соғып, кейін мүрдесін өртемек болыпты.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу