БҚО-да "Жол активтері сапасы ұлттық орталығының" бұрынғы басшысы 10 жылға сотталды

Сот оны кінәлі деп таныды. 

БҚО-да "Жол активтері сапасы ұлттық орталығының" бұрынғы басшысы 10 жылға сотталды Фото: Pexels

Заурбек Қыпшақбаев 32 млн теңге пара алғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Күдікті сараптаманың оң нәтижесі үшін жергілікті кәсіпкерден қаржы алды деп айыпталды.

Қыпшақбаев 5 қыркүйекте Оралда сотталды. Сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігі "Бірнеше рет пара алу" бойынша кінәлі деп таныды.

Айыптаушы тараптың мәліметінше, күдікті "Жол активтері сапасы ұлттық орталығы" Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының басшысы қызметін атқара жүріп, мердігер “Приоритет” компаниясын тексерген. Одан әрі мекеме басшысына нысандағы жұмыс сапа стандарттарына сай еместігі туралы электронды хат жолдады.

Қылмыстық іс материалдарынан белгілі болғандай, “Приоритет” компаниясының басшысы Жанна Кенжина Зауырбек Қыпшақбаевты өз компаниясының кеңсесіне шақырған. Отырыста Қыпшақбаев одан сараптамалардың оң қорытындысы үшін 40 млн теңге талап еткен. 

Тергеу мәліметтері бойынша, ол компаниядан 30 млн теңге алған.

Сотта барлық сараптамалардың нәтижесі жарияланды. Соңғы мәміле – 2 млн теңгені аудару кезінде Қыпшақбаевты ҰҚК қызметкерлері ұстаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу