БҚО-дағы ауыл таратылмақ

383

Облыс әкімдігінің тиісті қаулысы мен облыстық мәслихат шешімі жарияланды.   

БҚО-дағы ауыл таратылмақ Фото: inbusiness.kz

БҚО Бөрлі ауданы Пугачев ауылдық округіне қатысты Сұлусай ауылы таратылуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

"Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округінің Сұлусай ауылы оның аумағы Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округінің Пугачев ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын. БҚО мәслихат аппаратының басшысы тиісті бірлескен қаулы және шешімнің Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін", - делінген "Ашық НҚА" порталында жариялаған құжатта.

Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық зардаптарға әкелмейді делінген.

Құжатты көпшілік талқылау 17 қазанға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу