БҚО-дағы ескі ауыл мектептерінің жайы адам аяғандай

1433

Мәселені шешу үшін жеке инвесторлар тартылып отыр.

БҚО-дағы ескі ауыл мектептерінің жайы адам аяғандай

Батыс Қазақстан облысында мектеп тапшылығы мәселесі өткір тұр. Соның ішінде, Бәйтерек ауданына қарасты елді мекендердегі білім ошақтарының әбден тозығы жеткен, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Бәйтерек ауданы Новенький, Достық, Макарово ауылдарындағы мектептердің қазіргі ахуалын ҚР Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева әлеуметтік желілерде жариялағаннан кейін мәлім болып, көпті шошытты. Халық қалаулысы оларды "храмға емес, сарайға" теңеп, оқушылардың осындай жағдайға қарамастан білім сайыстары мен олимпиадалардан жүлделі орындар алып, аймақ намысын қорғап келе жатқанына таңданыс білдірді. 

"Бізге мектептерді салу, жөндеу, жаңарту бойынша жеке мемлекеттік бағдарлама жасақтау керек. Еліміздің ауылдық жерлерінде азып-тозып тұрған мектептер өте көп. Оларды әкім қаражат тауып, жөндеп береді деп күтіп отыруға болмайды", – деп жазды С. Имашева. 

Облыстық білім беру басқармасынан белгілі болғандай, қазіргі күні БҚО-да 4 үш ауысымды мектеп бар, 6 мектеп апаттық жағдайда тұр. Өңірге 2025 жылға дейін 76 мектеп керек, оның ішінде, ауылдық жерлер 62, Орал мен Ақсай қалалары 14 мектепке зәру. Биыл жаңадан 4 мектеп салынып бітеді деп күтіліп отыр. Орта білім беру ұйымдарының тапшылығы өткір тұрғаны соншалық, облыста "Ақжайық" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының көмегімен мектептер салу үшін жеке инвесторлар тартылуда.

Құралай Қуатова  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу