БҚО-дағы кәсіпорын қызметкерлері бірнеше ай бойы жалақы алмаған

361

Берешек 4 млн теңгеден асты. 

БҚО-дағы кәсіпорын қызметкерлері бірнеше ай бойы жалақы алмаған Фото: inbusiness.kz

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының прокуратурасы "Қаратөбе ауданының мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны" ШЖҚ-дағы МКК қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталуын талдау барысында, аталған кәсіпорынның 33 жұмысшысы бірнеше ай бойы жалақы алмағанын анықтады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Оған мемлекеттен алатын субсидияның есебін уақтылы тапсырмау себеп болған. Прокуратураның араласуынан кейін 4 млн теңгеден астам еңбекақы берешегі жойылды. Оған қоса, прокурорлар кәсіпорын директорын әкімшілік жауаптылыққа тартуға қол жеткізді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, прокуратураның ұсынысымен және үйлестіруімен кәсіпорынның кірісін өсіру мақсатында оның жарғысына өзгерістер енгізіліп, көрсетілетін қызмет түрлері кеңейтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу