БҚО-дағы орман өртінің неден шыққаны анықталуда

819

Оған "адам факторы" себеп болуы мүмкін.

БҚО-дағы орман өртінің неден шыққаны анықталуда

БҚО-дағы Шаған өзенінің жағасынан орман өртеніп жатқаны жөнінде бұған дейін жазған болатынбыз. Қазіргі күні өрт сөндіріліп, ол жерге кезекші топтар күзетке қойылған. Қызыл жалын барлығы 5 га аумақты шарпыған. Оқиға орнындағы шала бықсып жанған жапырақтар да өшіріліп, енді тек күл мен ыс исі ғана қалыпты. 
Облыстық төтенше жағдай қызметі өрттің шығу себебін анықтауда, дегенмен қазіргі болжам бойынша оған "адам факторы" себеп болуы мүмкін. Басқаша айтқанда, "тілсіз жау" не сөндірілмеген темекі тұқылынан, не өшірілмей келген от орнынан пайда болуы ықтимал. Өртенген алапты тұрғындар жиі серуендеп, табиғат аясында демалып, көңіл көтеретін жері екенін ескерсек, олай пайымдауға толық негіз бар. 

"Оқиға орнында төтенше жағдай департаментінің 53 адамы, 11 техника, 3 қайық, 5 орман шаруашылығы қызметкері жұмыс істеді. Өрт түнгі сағат 03:10-да сөндірілді. От Шаған өзенінің жанындағы қамыстан басталып, орман алқабына өтті, бірақ өртенген құрғақ ағаштар мен бірлі-жарым тал, орманның өзі өрттен аман, — дейді өрт сөндіру және құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы Төлеген Абдушев.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу