БҚО-дағы өрттен 100 бас мал өртеніп кетті

1551

Мал әдейі өртелген болуы мүмкін. 

БҚО-дағы өрттен 100 бас мал өртеніп кетті

Мал қасақана өрттелуі мүмкін, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталы.

Өрт 24 тамыз күні сағат 03.10 кезінде Жанғалы ауданындағы шаруа қожалығы аумағында болған. БҚО ТЖД-ның апат тәуекелдерін төмендету және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқарма басшысы Ерлан Төрегелдиев өрт салдарынан 100 бас ұсақ мал мен сегіз ІҚМ өлгенін айтты.

"Сонымен қатар 162 мың тонна шөп өртенген. Өрттің жалпы ауданы 2450 шаршы метр. Нақты көлемі анықталып жатыр. Болжам – қасақана өрттеу. Материалдық шығын мен кінәлі тұлғалар анықталып жатыр. Өрт 09.00-де толығымен сөндірілді", – деді Ерлан Төрегелдиев.

Тағы бір өрт Бәйтерек ауданының Достық ауылдық округінде болды. ЖШС аумағында 200 тонна шөп өртеніп кеткен.

"Өрт 25 тамыз күні  сағат 23.00 шамасында болды. "При Чаган" ЖШС аумағында және "Барс және К" ЖШС өрт болып, нәтижесінде 800 орам шөп жанып кеткен. Өрт  08.51-де сөндірілді", – деді Ерлан Төрегелдиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу