БҚО-да жол апатынан екі адам көз жұмып, 39 жылқы жанып кетті

1372

БҚО-да ірі жүк көліктері соқтығысты. Соның салдарынан екі адам қайтыс болды, қырыққа жуық жылқы өртеніп кеткен, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

БҚО-да жол апатынан екі адам көз жұмып, 39 жылқы жанып кетті

Оқиға 15 мамыр күні 23.56 сағатта Қаратөбе ауданына қарасты  Самара-Шымкент трасасының 464 шақырымында болған. Бір үйір жылқыны тиеп келе жатқан КамАЗ" бен түркиялық нөмірі бар Mercedes-Benz Actros көліктері соғысып, сол жерде өрт шыққан. 

"Өрт салдарынан көліктер отқа оранып, 39 бас жылқы жанып кетті. Көліктерден жанып кеткен екі мәйіт шығарылды, бір адам түрлі жарақаттармен Сырым аудандық орталық ауруханасына жеткізілді",  деп хабарлайды БҚО ТЖД баспасөз қызметінен. 

Белгілі болғандай, қазіргі күні зардап шеккен және көз жұмған адамдардың жеке бас деректері анықталуда. Өрт 04.14 сағатта толықтай өшірілген.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу