БҚО-дан Мақтааралға 12 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

653

Гуманитарлық көмекті жинауға БҚО этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен кәсіпкерлері үлес қосқан.

БҚО-дан Мақтааралға 12 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

Бүгін Батыс Қазақстан облысы Орал қаласынан жолға шыққан керуен Мақтаарал ауданына келіп жетті. 12 тонна гуманитарлық көмекті жинауға БҚО этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен кәсіпкерлері үлес қосқан, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі

Сондай-ақ, еріктілердің ықпал етуімен керуен көлігіне азық-түлік пен құрылыс материалдары, киім-кешек, тұрмыстық қажетті құрал-жабдықтар тиелген.

Су тасқынынан зардап шеккен мақтааралдық ағайындарға көмек қолын созуға батыстағы "Вайнах" шешен-ингуш этномәдени орталығы мен "Бірлік" еріктілер тобы, "Достық" қазақ-вайнах пен "Patriot" спорт клубы, сонымен бірге "Кадыргалиев Т.А." ЖК, "UralskRunners" жүгірушілердің клуб мүшелері ұйымдастыруға атсалысып, қаражат жинауға сеп болған.

Жүк тиелген көлікті Түркістан облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ-нің Мақтаарал ауданындық филиалы мамандары, этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері күтіп алып, гуманитарлық көмек қоймаға тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу