БҚО-дан Ұлыбританияға делегация барды

843

БҚО-дан  Ұлыбританияға делегация барды

Батыс Қазақстан облысының делегациясы Ұлыбританияда болды ауыл шаруашылық саласындағы ынтымақтастықты нығайту үшін Батыс Қазақстан облысының делегациясы Ұлыбританияда болды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтемемен egemen.kz хабарлайды.
Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігі мен ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің қолдауымен Батыс Қазақстан облысындағы үш ірі компания – "Кублей", "Жайық Ет" және "Батыс-Пауэр" кәсіпорындарының басшылары Ұлыбританияға барды.

Облыс делегациясы 2018 жылғы Астана экономикалық форумы барысында қол қойылған меморандумды жүзеге асырудың тиімді механизмін әзірлеу үшін "Dunbia" компаниясымен келіссөз жүргізді. Өңір делегациясы компанияның өндірістік нысандарын (сою, орау, өңдеу цехтарын) аралады. "Dunbia" компаниясының бас кеңсесінде ет өңдеудің толық циклі бойынша жобаның іске асырылу барысы талқыланды.

"Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, аграрлық сектор экономиканың жаңа қозғаушы күші болуы керек. Біздің өңір ауыл шаруашылығында, әсіресе мал шаруашылығында үлкен әлеуетке ие. Сондықтан біз сіздермен бірге аймақтың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мақсатында жемісті ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз. Бізді қалдықсыз өндіріс технологиясы және ет өнімдерін терең өңдеуді қолдану аясындағы тәжірибеңіз өте қызықтырып отыр", - деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов.

"Dunbia" компаниясы батысқазақстандық кәсіпкерлермен әріптес болуға, маркетинг саласында өз тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін білдірді. Атап айтқанда, компания Қытай, Иран және Таяу Шығыстың нарықтарына қазақстандық етті ілгерілетуді қамтамасыз етуге мүдделі.

"Жайык Ет" қазақстандық компаниясының директоры Т.Ескендіров атап өткендей, "Dunbia" сияқты жаһандық компаниялардың қазақстандық жобаларды іске асыруы мен инвестициялауы қазақстандық кәсіпорындардың деңгейін елеулі түрде күшейтіп, басқа шетелдік инвесторлар үшін үлгі бола алады. Қос тарап өкілдері ауыл шаруашылығын цифрландыру саласын дамыту мақсатында өткен жұмыс сапарын өте жемісті болғанын атап өтті.

Батыс Қазақстан делегациясы "Farm Wizard" компаниясының өндірушіден тұтыну компанияларға өнімнің жеткізілуін қадағалау жүйесімен танысты. Бұл бағдарлама тұтынушыға жануардың (қай үйірден, қай шаруашылықтан екендігін) туғаннан бастап, етінің үстел басына келгенге дейінгі бүкіл өмірін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс ауыл шаруашылығын цифрландыру үшін қойылған міндеттерге сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Айта кетсек, "Dunbia" қызыл ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша жетекші компаниялардың бірі, оның ішінде бөлшек және көтерме саудада сиыр еті, қой еті мен шошқа етін өндіру, жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде тамақтандырумен айналысады. Аталған компанияға Ұлыбритания мен Ирландия елдерінен 25 кәсіпорын кіреді, онда 1 миллионнан астам ірі қара мал және 3 миллионнан астам қой бар. Өндірісте 30 мыңнан астам фермер және 7 мың адам жұмыспен қамтылған. Компанияның әлемнің әртүрлі елдерінде 50-ден астам өкілдігі бар. Кәсіпорын тұрақты экономикалық өсімді көрсете отырып, айналым қаражаты 2 млрд. евроны құрап отыр. "Dunbia" еуропалық нарыққа жоғары сапалы өнім жеткізуші болып табылады, оның ішінде "McDonalds", "Tesko", "Spar", "M&S" ірі сауда желілерімен жұмыс жасайды. Сондай-ақ, компания агроөнеркәсіптік кешенде мамандар дайындайтын еуропалық университеттермен жұмыс істейді, компания үшін гранттар тағайындаумен айналысады. "Dunbia" компаниясы өз өнімдерін жақсарту мақсатында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді арттыру жұмыстарын белсенді түрде инвестициялайды. Негізгі бағыты тұқымдарды асылдандыру, тұрақтандыру режимі мен рационға арналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу