БҚО фермері африкалық түйеқұс өсіреді

1082

Жануарлар қыстың суығына бейімделген.

БҚО фермері африкалық түйеқұс өсіреді

Батыс Қазақстан облысының фермері африкалық түйеқұс өсіруде. Экзотикалық жануарлар жергілікті жердің суық ауа райына үйрене бастапты, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

БҚО Бәйтерек ауданы Жайық ауылы "Ақбота" жеке шаруашылығының иесі Жанболат Ақсақалов африкалық түйеқұстарды алты жыл бұрын Ресейден алдырған. Қазір олардың саны бесеу, дегенмен иесі болашақта көбейтуді көздеп отыр. 

"Түйеқұстың еті диеталық саналады, келісі шамамен 3 мың теңгеге бағаланады. Ал жануарды жақсылап күтіп-баққан жағдайда олардан 100-150 келі ет алуға болады. Жұмыртқасы да 1,5-2 келі тартатындай көлемді болып келеді. Түйеқұстың еті мен жұмыртқасына көбінесе спортшылар қызығып сатып алады", – дейді кәсіпкердің жұбайы Нұржамал. 

Белгілі болғандай, афирикалық түйеқұстарды қараумен Нұржамал мен қыздары Ақтоты айналысады екен. Жемдеген кезде қосымша дәрумендер де беріп отырады.

Түйеқұстың қауырсыны мен терісіне дейін қажетке жарағанмен кәсіпкерлер әзірге одан ешқандай пайда көріп отырмағанын айтады. Қазіргі күні олардың басты міндеті – жас төлдерді асырап-бағып, тоңдырмай жетілдіріп жіберу болып отыр. Ересек жануарлар бұл жақтың суығына тез бейімделіп кеткен. Бұдан бөлек, олар жақсы жүзетін де көрінеді.

Алдағы сәуір айында түйеқұстардың жұмыртқа басу маусымы басталмақ. Ол қазан айының ортасына дейін созылады екен.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу