БҚО мектептерінде мұғалімдер жалған дипломмен жұмыс істеген

448

 Тағы 130 адам ашық конкурссыз негізде қызметке қабылданған.

БҚО мектептерінде мұғалімдер жалған дипломмен жұмыс істеген Фото: bnews.kz

БҚО мектептерінде жалған дипломмен жұмыс істеп келген мұғалімдер анықталды, деп жазады inbusiness.kz mgorod.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Әділхан Сабыров 49 білім беру ұйымы конкурстық іріктеу өткізбей 130-дан астам адамды жұмысқа қабылдағанын жеткізді.

Бұдан бөлек мамандар Тасқала, Казталов, Шыңғырлау және Бәйтерек ауданынан жалған белгілері бар дипломдарымен жұмыс істеген 11 оқытушыны анықтады. Белгілі болғандай, кейін университеттер тиісті құжаттардың берілгенін растамады.

Ұстаздар жалған құжаттар арқылы біліктілік туралы сертификаттарын алған. Сондай-ақ бұл үшін оларға 13,9 миллион теңгеге қосымша төлемдер де тағайындалған.

Полиция бұл деректер бойынша қылмыстық іс қозғап, кінәлілер айыппұл арқалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу