Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің ҚР Ішкі істер министрі М.Ахметжанов пен министрліктің Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы А.Садановтың атына жолданған ұжымдық хаты бойынша қызметтік тексеру басталды, деп жазады inbusiness.kz.
Хатта патрульдік полиция батальонында заңның үстемдік құрмағаны, ұжымдағы моральдық ахуалдың нашарлап жатқаны туралы жазылған. Сонымен қатар батальон мен взвод командирлерінің қарамағындағы қызметкерлерден ақша жинайтыны және де басқа да заңсыз әрекеттері айтылған.
Бұл жағдайға байланысты Ішкі істер министрлігі жауап берді.
"Ақпараттың дұрыстығын тексеру үшін қызметтік тексеру басталды, оның қорытындысы бойынша заңды шешім қабылданады", - деп хабарлады ведомство.