БҚО полицейлері ақбөкеннің 2 мыңнан астам мүйізін тәркіледі

418

 Батысқазақстандық полицейлер 2 мыңнан астам киік мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz. БҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.

БҚО полицейлері ақбөкеннің 2 мыңнан астам мүйізін тәркіледі Фото: БҚО полиция департаменті

Ведомство мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы барысында киік дериваттарының заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топты ұстады.

"Тінту барысында 2 мыңнан астам киік мүйізі табылып, тәркіленді. 5 күдікті Орал қаласы полиция басқармасына жеткізілді. Олардың үстінен ҚР ҚК 339-1-бабына (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу