БҚО полицейлеріне Шымкенттен гуманитарлық көмек жеткізілді

205

Көмек Қазақстандық спорттық ату федерациясынан жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

БҚО полицейлеріне Шымкенттен гуманитарлық көмек жеткізілді Фото: БҚО полиция департаменті

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, көмек құралдарының ішінен су қаупінен қорғанатын бірнеше қайық, қайық моторлары, құтқару жилеттері, резеңке етік, комбинезондар және басқа заттарды айтуға болады.

Еліміздің бірнеше облысындағы су тасқынына байланысты табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созып жатқан жанашыр жандар аз емес. Бұл – соның бір көрінісі.

Батыс Қазақстан облысынан сайланған Сенат депутаты Ләззат Рысбекова БҚО полиция департаментінің құқықтық тәртіп және арнайы дайындық базасында болып, полицейлердің күштері мен құралдарын дайындау қызметімен танысты.

Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиевтің айтуынша, аэроглифер, моторлы қайықтар және басқа арнайы құралдар адамдарды эвакуациялау мен құтқару үшін, сондай-ақ су басу орындарын патрульдеу және ұрлық пен тонауға жол бермеу үшін қолданылатын болады.

"Тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қазіргі уақытта 580 полиция қызметкері, сонымен қатар тәртіп сақшылары резервінің 200 адамы қамтамасыз етуде. Қосымша ҚР Ұлттық ұланы мен ҚР Қорғаныс министрлігінің 500 әскери қызметшісі көмекке келді. Су тасқыны күшейген жағдайда қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін 3 мыңға жуық полицей мен Ұлттық ұлан жауынгерлері қамтамасыз ететін болады. БҚО-дағы жағдай ішкі істер министрінің бақылауында, өңірдегі жағдай оған сағат сайын жеке баяндалады", - деді А.Оразалиев.

Батысқазақстандық полицейлер Қазақстандық спорттық ату федерациясына көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу