Аймақта жол сақшылары 45 жастағы әйел айдап келе жатқан Opel Corsa автокөлігін тоқтатқан. Тінту кезінде сөмкесінен изолентамен оралған түйін, сондай-ақ 74 дана ерекше иісі, сұр-сары түсті ұнтақ заты бар оралған пакет табылды.
Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында құрамында есірткі бар препараттар 60 дана мөлшерінде түрлі-түсті электр таспасы, 5 полиэтилен зип-пакеті, 2 жаңа электронды таразы, ерекше иісі бар сұр түсті ұнтақ заттың іздері бар таразы, 6 металл шәйнек, 7 пакет металл магнит, 2 өлшеуіш қасық және шпатель, оралған ұнтақ заты бар 11 зип-пакет, ақ түсті ұнтақ заты бар 3 контейнер және сұр түсті ұнтақ заты бар 3 контейнер, сондай-ақ есірткі сатушылар қолданатын басқа да заттар табылып, тәркіленді. Есірткі құралдарының, психотроптық препараттар мен прекурсорлардың жиынтық кестесіне сәйкес, тәркіленгендер аса ірі мөлшерге жатады.
Осы факті бойынша ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. БҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Абдрахманов түсіндіргендей, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде өткізгені үшін 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік заң жүзінде көзделген.