БҚО шенеуніктері бюджеттің 50 млн теңгесін жымқырған

591

Ол – Арыстағы үйлерді қалпына келтіруге арналған ақша екен.

БҚО шенеуніктері бюджеттің 50 млн теңгесін жымқырған

Батыс Қазақстан облысы шенеуніктерінің де басы дауға қалды. Оларға 2019 жылдың тамызы мен желтоқсаны аралығында Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты бөлінген 50 млн теңгеден астам бюджет қаражатын "жеп қойды" деген айып тағылып отыр. Белгілісі, бұл қаржы ондағы апаттан зардап шеккен 46 тұрғын үйді жөндеуге бөлінген. Болжам бойынша, шенеуніктер мердігер компаниямен келісіп, "бармақ басты, көз қыстыға" салған.

"Батыс Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аса ірі мөлшерде жымқыру дерегі бойынша "БҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады", – деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаров.

Сонымен бірге, БҚО энергетика басқармасының басшысы Рүстем Закариннің өз еркімен қызметінен кеткені мәлім болып отыр. Алайда, ол жергілікті БАҚ өкілдеріне бұл шешімін "басқа қызметке ауысуымен" түсіндіріп, бұрынғы орынбасарының сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша ұсталғанын кейіннен барып естігенін айтуда.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу