БҚО су тасқыны: 75000-нан астам текше метр су сорылды

675

Қазір Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр.  

БҚО су тасқыны: 75000-нан астам текше метр су сорылды Фото: gov.kz

"Бір тәулік ішінде жұмыстар Орал қаласы мен облыстың 5 ауданында – Ақжайық, Бөрлі, Қаратөбе, Казталов және Бәйтерек аудандарында жүргізілді, инертті материал салынған қаптарды дайындау және төсеу жұмыстары жалғасуда. Жалпы инертті материал салынған 5000-нан астам қап төселді, қосымша 4 000-ға жуық қап дайындалды, 75000-нан астам текше метр су сорылды. Су тасқыны кезеңінің басынан бастап Батыс Қазақстан облысы бойынша 500 000 текше метр су сорылды. Тартылған күштер мен құралдардың жедел іс-қимылының арқасында бұрын су басқан 57 тұрғын үйден су сору жұмыстары аяқталды, бұрын эвакуацияланған 275 адам өз үйлеріне оралды, 22 адам туыстарының үйлерінде қалуда. Жағдай тұрақты бақылауда. Сонымен қатар, су тасқыны салдарын жою жұмыстары 20 саяжай аумағында жүргізілуде", - деді Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығы Ернұр Өтегенов.

Қазіргі уақытта Дерқұл, Шаған және Шыңғырлау өзендері арналарындағы су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр. Су деңгейінің күрт көтерілуі байқалмайды.

11 бақылау гидробекеті қойылды, олардың көрсеткіштері бойынша жедел шешімдер қабылданып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу