БҚО Сырым ауданына жаңа әкім тағайындалды

956

 ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық маслихат келісімімен, меритократия қағидаттарына сәйкес Сырым ауданының әкімі лауазымына Жұмагелді Жолдыбайұлы Батырниязов тағайындалды, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

БҚО Сырым ауданына жаңа әкім тағайындалды Фото: gov.kz

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Жұмагелді Жолдыбайұлы 1982 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университетін қаржы және несие, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін құқықтану мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Сырым аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің жетекші маманы, БҚО көлік және коммуникациялар басқармасының жетекші маманы, бас маманы, БҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында бөлім басшысы, БҚО әкімі аппаратында бас инспектор, бөлім басшысы, "Aqjaiyq" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамында департамент директоры болып жұмыс істеді.

2021 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу