БҚО төрт ауданы мен Оралда төтенше жағдай жарияланды

648

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр аймақта жүр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БҚО төрт ауданы мен Оралда төтенше жағдай жарияланды Фото: ҚР Үкіметі

Жұмыс сапары барысында Батыс Қазақстан облысының Теректі, Сырым және Қаратөбе аудандарындағы су басқан аумақтар әуеден бақыланып, сондай-ақ Орал қаласындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан ахуал зерделенді.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Роман Склярға жүргізіліп жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Су тасқыны жағдайы мол түскен жауын-шашын салдарынан күрделеніп отыр.

Төрт аудан мен облыс орталығында жергілікті масштабта табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, 874 адам құтқарылды.

Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны зардаптарын жою жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан, жергілікті атқарушы органдардан, Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігінен 1168 адам тартылды.

306 техника мен 146 мотопомпа жұмылдырылды. 

Сонымен қатар № 99250, № 28237 әскери бөлімшелерінің күші мен құрал-жабдықтары және Маңғыстау облысының ТЖД тартылды.

Қосымша шекара қызметінің екі "МИ-8" тікұшағы жұмыс істеп жатыр.

Өңірде арнайы құрылған комиссия табиғи апаттан келген шығынды есептеуді бастады. 

Роман Скляр барлық бағыт бойынша су тасқынына қарсы күресті күшейтуді және тұрғындардың қауіпсіздігін бірінші кезекте қамтамасыз етуді тапсырды.

Үкімет тарапынан бүкіл қажетті көмек көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу