БҚО тұрғындарының салыққа берешегі 608 миллион теңгеге жеткен

951

БҚО тұрғындарының салыққа берешегі 608 миллион теңгеге жеткен

Батыс Қазақстан облысында 68 мың адам салық төлеуден жалтарып жүр. Қазіргі таңда тұрғындардың берешегі 608 миллион теңгеге жеткен, деп хабарлайды 24.kz.

Қайтарылуға тиіс қаржының 75 пайызы автокөлік салығына қатысты. Мүлік пен жер, қала берді қозғалтқыш көлемі үлкен көліктерінің жылдық салығын өтеуге асықпай жүргендер көп. Бұл туралы салық түсімдерін көбейтудің жол картасы аясында арнайы өкілетті органдармен бірлесіп, рейд ұйымдастырған мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мәлім етті.

Жыл басынан бері қазынаға 1 миллиард 200 милион теңге көлемінде қаржы түскен. "Егер тұрғындар салық мәселесіне салақ қарамаса, бюджет түсімі де бұдан әлдеқайда көлемдірек болар еді", – дейді мамандар. 

"Бұл жерде  қаражаты болмау себебі болуы мүмкін. Немесе білместікпен болуы мүмкін. Әр салықты төлеу бойынша төлеу мерзімі бар. Сол мерзімдері өткен соң кірістер органдарымен хабарлама жолданады, оның орындалуы – 30 жұмыс күні. Сол хабарлама орындалмаса, біздің тарапымыздан сот органдарына материал жолданады. 600 мың, 400 мың теңге бережақ кісілер бар", - дейді БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Тимур Төлепов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу