БҚО тұрғындарының салыққа қарызы 600 миллион теңгеден асты

976

БҚО тұрғындарының салыққа қарызы 600 миллион теңгеден асты

Батыс Қазақстан облысының 100 мыңнан астам тұрғыны мемлекеттік бюджетке салық төлемеген. Оның тең жартысына жуығы жылжымайтын мүлік үшін берешек, деп хабарлайды khabar.kz.
Қазір 12 мың адамның ісімен сот орындаушылары айналысуда. 
Бұл өңірдегі тұрғындардың жалпы қарызы 600 млн теңгеден асса, оның 420 млн-ға жуығы – көлік салығы. Салық төлеу мерзімі 31 желтоқсанда аяқталады. 2 аптаның ішінде 7 автокөлік айып тұрағына қойылды.
"Соңғы мына екі жұманың ішінде 25 миллиондай теңге бюджетке өндірілді. Төлемеген салық төлемеуден қашып жүрген салық төлеушілерді көліктерін арестке алып, ақылы тұрақтарға қамадық. Қазір енді ары қарай жұмыс жалғасып жатыр. Ол жұмыс әлі онымен аяқталмайды", - дейді БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Асылбек Қалменов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу