БҚО тұрғыны 4000 теңге үшін 7 жылға сотталуы мүмкін

888

Батыс Қазақстан облысында мас ер адам дүкен сатушысына пышақпен тап берген, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.  

БҚО тұрғыны 4000 теңге үшін 7 жылға сотталуы мүмкін Фото: ult.kz

Мәлімет бойынша, мас ер адам қаладағы дүкендердің біріне кіріп, сатушысын пышақпен қорқытып, кассадағы ақшаны беруді талап еткен. Әйел адам оның айтқанын орындаудан бас тартқан кезде ол пышақты сарт еткізіп, оның қолын жарақаттаған.

Ақшаны ала алмасын білген қаскөй дүкеннен бірнеше тауарды алып, өз жөніне кеткен.

"Қарақшы ізін суытпай ұсталды, ол 42 жастағы облыс тұрғыны екені анықталды. Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Келтірілген шығын сомасы небары 4099 теңгені құрады. Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу