БҚО тұрғыны автокөлік аламын деп 3,1 млн теңгесінен айырылды

479

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны автокөлік аламын деп 3,1 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.  

БҚО тұрғыны автокөлік аламын деп 3,1 млн теңгесінен айырылды Фото: gov.kz

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Оралға қарасты Зачаган кентінде тұратын 34 жастағы әйел 1991 жылғы Т. деген тұрғыннан Hyundai Accent автокөлігін 3,1 млн теңгеге сатып алған.

"Кейін автокөліктің шын иесі табылып, мүлкін кері қайтаруды талап еткен. Анықталғанындай, Т. Астана қаласында аталған автокөлікті жалға алып, сосын жалған техникалық құжатын жасап, сатып жіберген. Автокөлік қазақстандық есепте тұрғанымен, алаяқ оның техникалық құжатын армян нөміріне ауыстырған. Содан кейін жаңадан айдап әкелінген көлік ретінде сатқан. Қазіргі кезде ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, қылмысқа қатысы бар адамдар анықталу үстінде. Алаяқ табылғанымен, ол әйелге ақшасын қайтарған жоқ", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу