БҚО тұрғыны жасөспірімді жезөкшелікке мәжбүрлеген

330

Күдікті әйел студенттің деректерін интернет-ресурстағы хабарландыруларда орналастырған.

БҚО тұрғыны жасөспірімді жезөкшелікке мәжбүрлеген Фото: freepik

БҚО-да кәмелеттік жасқа толмаған колледж студентін жезөкшелікке мәжбүрлеген әйел адам ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Орал қаласының 35 жастағы тұрғыны ұсталды. Әйел адам 2006 жылы туған колледждің 2-курс студентін үш ай бойы алдау арқылы жезөкшелікпен айналысуға тартқан.  Кәмелетке толмаған қызды жалдамалы пәтерлерде клиенттермен табыстырған. Әйел адам студенттің деректерін интернет-ресурстардағы хабарландыруларда орналастырып, барлық табысты өзі иемденген. Қылмыстық Кодекстің 134-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленуші туыстарына берілді", - деді Қанат Нұрмағамбетов ІІМ апталық брифингінде.

Бұдан бөлек Ақмола облысының Щучинск қаласындағы қонақ үй кешенінің бірінің администраторлары пайда табу мақсатында клиенттерді интимдік қызмет көрсететін адамдармен таныстырғаны анықталды.  

"Бұл факт бойынша Қылмыстық Кодекстің 309-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді спикер

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу