БҚО тұрғыны жасырын жылыжайда есірткі өсірген

186

БҚО-да есірткіні заңсыз өсіру фактісі анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БҚО тұрғыны жасырын жылыжайда есірткі өсірген Фото: polisia.kz

“Қарасора – 2025” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсіру фактісі анықталды.

Бәйтерек ауданының елді мекендерінің бірінде 49 жастағы ер адам өз үйінің ауласында есірткі өсімдіктерін өсіріп келген. Тінту кезінде оның ауласынан жалпы көлемі 450 шаршы метр болатын, көлеңке түсіретін тормен жабылған және автоматты суару жүйесімен жабдықталған жасырын жылыжай табылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу