БҚО-да "Браконьер" жедел алдын алу шарасы кезінде 28 жасар азамат 35 қап өзен шаянымен қолға түсті.
Оқиға Казталов ауданы Жалпақтал ауылында болған. "ВАЗ-21713" автокөлігін тоқтатқан полиция бөлімінің қызметкерлері оның салонынан 35 қапқа салынған, жалпы салмағы 379,95 кг болатын 10919 дана өзен шаянын тәркілейді. Қазіргі кезде бұл дерекке байланысты ҚР ҚК "балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу" бабы бойынша тергеу жүргізілуде.
Құралай Қуатова
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу