Ер адам киіктерден кесіп алынған 68 мүйізді алып бара жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол өзінің Facebook парақшасында рейд жұмыстары барысында "Охотзоопром" мекемесінің инспекторлары 6 сәуір күні сағат 19-00-де "Қазталовка-Жәнібек" трассасының бойынан Жәнібек ауданының 26 жастағы ер азаматы басқарып бара жатқан "Фольксваген-Гольф" көлігін тоқтатқандығын жазды.
"Оның көлігін тексеру барысында киіктерден кесіп алынған 68 мүйіз табылды",-деп хабарлады ҚР АШМ-нің орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.
Аталған факті бойынша, Қазталов аудандық АІІБ ҚР ҚК-нің 339 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу