БҚО жолдары биыл қайта жаңарту, күрделі және орташа жөндеуден өтеді

817

"Самара–Шымкент" тасжолының кіру жолы мен Қаратөбе ауданына қарасты Қоскөл елдімекенінің айналма жолының 9 шақырымы қайта жаңартылады. 

БҚО жолдары биыл қайта жаңарту, күрделі және орташа жөндеуден өтеді

Автомобиль жолдары саласында өңірде барлығы 30 жоба іске асырылады. Жолшылар облыстағы елдімекендерге кіретін 10 жолды жаңартады, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.  

Биыл "Самара–Шымкент" тасжолының кіру жолы мен Қаратөбе ауданына қарасты Қоскөл елдімекенінің айналма жолының 9 шақырымы қайта жаңартылады. Сондай-ақ, Бөрлі–Ақсай–Жымпиты автожолының 149-159, 139-149 шақырымдары күрделі жөндеуден өткізіліп, Ақжайық ауданының Жайық, Алғабас және Лбищенск елдімекендеріне кіру жолдары жөнделеді. Бұдан бөлек, "Федоровка – Ақсай" автожолындағы 6 су өткізу құбырын күрделі жөндеу, "Орал–Кирсанова" жолындағы Быковка, Ембулатовка және Рубежка өзені арқылы өтетін көпірлерді жөндеу жоспарланған.

Сонымен қатар, "Тасқала–Аққурай–Болашақ–РФ шекарасы" автожолының 48-96 шақырымы, "Переметное–Цыганово" жолының 0-13 шақырымы, "Переметное–Вечный" жолының 0-24 шақырымы, "Жәнібек–Таловка–Кіші өзен" жолының 2-27 шақырымы орташа жөнделеді. Бұдан бөлек, өңірде Тоғанас, Жаңабұлақ, Мерей, Фурманово, Ростошинское НҚП, Нововпавловка және Ұзынкөл елді мекендеріне кіру жолдары жөнделеді деп жоспарланған. Жөнделетін жолдардың жалпы ұзындығы 167,8 шақырым.

Мұнымен қоса, өңірде республикалық маңызы бар "Чапаево – Қазталовка – РФ шекарасы" автомобиль жолының 157-192 шақырымы, "Қазталовка – Жәнібек – РФ шекарасы" жолының 0-165 шақырымы, "Бисен – Өнеге – Сайхин" жолының 0-103 шақырымында күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті.  Орташа жөндеу жұмыстарымен "РФ шекарасы (Самара) – Шымкент жолының 214+835-250+420 шақырымдары, сондай-ақ, "Чапаево-Жалпақтал-Қазталовка-РФ шекарасы" тасжолының 17-57 шақырымы қамтылады.

Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысындағы жолдардың жалпы ұзындығы – 6496 шақырым. Оның 1414 шақырымы – республикалық маңызға ие жолдар. Ол жолдардың 92% жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда. Ал жергілікті жолдардың ұзындығы – 5 082 шақырым. Жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесі 31% шамасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу