Blackstone компаниясына Қазақстанда дата орталық құрылысын бірлесіп іске асыру ұсынылды

277

Президент Blackstone компаниясының негізін қалаушылардың бірі және басқарма төрағасы Стивен Шварцманмен кездесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Blackstone компаниясына Қазақстанда дата орталық құрылысын бірлесіп іске асыру ұсынылды Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Стивен Шварцман өзара тиімді инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.

Қазақстан Президентінің айтуынша, Blackstone компаниясының инфрақұрылым мен технологияны дамытуға арналған ауқымды инвестициялау стратегиясы еліміздің экономиканы әртараптандыру, инновация мен орнықты даму салаларындағы ұлттық басымдықтарымен тығыз байланысты.

Мемлекет басшысы Қазақстанды толық цифрлық елге айналдыру жөнінде стратегиялық міндет қойғанына егжей-тегжейлі тоқталды.

Blackstone компаниясының басшысымен әңгімелесу барысында Қазақстанда дата орталық құрылысы жобасын бірлесіп іске асыру ұсынылды.

Сондай-ақ, еліміздегі қаржы технологиялары мен жылдам өркендеп келе жатқан компаниялар арқылы активтерді басқару саласындағы ынтымақтастық әлеуетін қарастыруға назар аударылды.

Blackstone – нарықтық капиталы 218 миллиард доллардан асатын әлемдегі ірі инвестициялық компания.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу