Шымкентте тиісті сертификаты мен лицензиясы болмай, пластикалық хирургия саласында медициналық қызмет көрсеткен адам сотталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сот анықтағандай, ол жәбірленушіге блефаропластика операциясын жасаған.
Сот үкімімен айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 322-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар оған үш жыл бойы медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу