Блинкен АҚШ Тайвань елінің тәуелсіздігін қолдамайтынын айтты

803

Америка Құрама Штаттары Тайваньның тәуелсіздігін қолдамайды және "бір Қытай" қағидасын ұстанады.  

Блинкен АҚШ Тайвань елінің тәуелсіздігін қолдамайтынын айтты Фото: godeye.ru

Бұл туралы жұма күні ҚХР Сыртқы істер министрі Ван Имен телефон арқылы сөйлескен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

"Америкалық тарап АҚШ пен ҚХР арасындағы екіжақты қатынастардың басшылық қағидаттарын талқылауға ашық, АҚШ-Қытай қатынастарын жауапкершілікпен басқаруға және бұл екі тараптың мүдделеріне қызмет ететін салаларда ынтымақтастықты жүзеге асыруға дайын. Америкалық тарап "Бір Қытай" қағидатын ұстануды жалғастыруда және Тайваньның тәуелсіздігін қолдамайды", - деді Блинкен.

Қытай мен АҚШ сыртқы саяси ведомстволары басшыларының телефон арқылы сөйлесуі Америка тарапының бастамасымен өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу